Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда түнгі клубтағы төбелестен кейін екі полицей жұмыстан шығарылып, тергеуге алынды

Опубликовано:

полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Маңғыстау облысында түнгі клубтағы төбелестен кейін екі полиция қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды.Төбелес дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Lada.kz.

Басылым мәліметінше, көңіл көтеру орнындағы төбелес туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде жарияланған. Хабарлама авторының айтуынша, жағдай 27 қарашада сағат 02:00-де Ақтаудағы түнгі клубта болған. Жазбада полиция қызметкерлінің екі ер адамға шабуыл жасағаны, содан кейін оқиға орнына қашып кеткені жазылған.

"Ақтау полициясы жергілікті полиция қызметінің бастығы Е.О. анықталды. Ол алкагольге мас күйде асхана пышағын алып, 1996 жылы туған Қазақстан азаматы Ж.Е.-нің бетіне жарақат салған. Бұл ретте төбелесті Е.О. жанында болған Мұнайлы аудандық полиция бөлімі патрульдік полиция ротасының командирі Н.М. шығарған. Ол Ж.Е-ге тіл тигізіп, жәбірленушінің бетінен бірінші болып ұрған. Нәтижесінде полицейлер қызметтік өкілетін пайдаланып, кезекші экипажды шақырып, оқиға орнынан қашып кеткен", - делінген желідегі жазбада.

Маңғыстау облысы полиция департаменті аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын, екі қызметкердің жұмыстан шығарылғанын растады. Дегенмен олардың аты-жөні мен қандай лауазым атқарғаны туралы ақпарат жарияламады.

Бұдан бөлек полиция департаменті пышақ жарақаты туралы ақпараттты жоққа шығарды.

"Аталған факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды. Тәртіптік комиссия шешімімен екі қызметкер ішкі істер органдарынан шығарылды.

Төбелес кезінде асхана пышағы пайдаланылған деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз", - деп хабарлады полициядан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047893-aqtauda-tungi-klubtagy-tobelesten-keiin-eki-policei-zumystan-sygarylyp-tergeuge-alyndy/

pixel