Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Прокурор Алматыдағы 7 жастағы қыздың өліміне қатысты жантүршігерлік мән-жайды айтты

Опубликовано:

Қыз бала
Қыз бала. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда 7 жастағы қыздың өліміне өгей анасы күдіктелуде. Прокурор жан түршігерлік оқиғаның мән-жайын айтты. Алайда күдікті кінәсін мойындаған жоқ, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Алматыда жеті жастағы қызды ұрып өлтірді деп айыпталған өгей анасына қатысты сот отырысында прокурор айыптау актісін оқыды.

Прокурордың сөзіне сүйенген телеарна ақпараты бойынша, марқұм қыз үлкен дәретін ескертпестен жіберіп қоя берген. Бұл жайт қыздың өгей анасының мазасын алған. Сондықтан ол қыздың өлімін жазатайым оқиға сияқты алдын ала жоспарлаған.

"(Айыпталушы - ред.) сол күні 10 жарым шамасында кәмелетке толмаған қызбен жалғыз қалады. Сөйтіп, ол жақындап, дәрменсіз күйін пайдаланып, жеткіншектің мойнынан ұстап алады. Осыдан кейін басын батареяға ұрады. Кейін жуынатын бөлмеге кіргізіп, тағы да басын қабырғаға ұрады. Иннерциямен басы кафельге соғылады. Осылайша бала дәрігерлер жеткенше жан тапсырған. Ал (айыпталушы - ред.) Бәкенге (қыздың туған әкесі - ред.) қыз кездейсоқ құлады деп айтқан", – деді прокурор Данияр Тағаев.

Қыздың әкесі бұған дейінгі сот отырыстарына қатысқан жоқ.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, қыз бұған дейін әжесінің қарауында болған. Алайда қыздың әкесі – Бәкен азаматтық некедегі әйелінің үйіне алып кеткен.

Жәбірленуші тарап пен куәгерлер, отбасының көршілері бірауыздан күдіктінің өте қатігез ана екенін атап өтті.

"(Күдікті - ред.) өте ашушаң. Бірнеше мәрте ол үйде шу болғанын естігем. Неше түрлі адам жиналып ішімдік ішеді. Бір-біріне боғауыз сөздер айтады. Тіпті ол үйде төбелестер де болды. Бәрін естідім. Негізі қыздың тәрбиесімен әжесі айналысқан. Карина әжесімен жүрсе көңілді, көпшіл болады. Ал (күдіктімен - ред.) бірге тұра бастаған кезде жеткіншек тұйық болып қалды. Өз қатарластарымен де ойнамайтын", – деді отбасы көршісі Наталья Матвеева.

Марқұм қыздың жақындары да қыздың өгей анасы қылмысын жасырғысы келгеніне сенімді.

"Бала қайтыс болғаннан кейін (күдікті - ред.) Бәкенге "Мен оны өлтіріп қойған сияқтымын" деп қоңырау шалған. Сөйтіп Бәкен үйге жүгіріп барады. Екеуі жедел жәрдем шақырмас бұрын сол кезде қайтыс болған жеткіншектің мәйітін жуындырып, нәжіске толған киімін кірге лақтырған. Дәрігерлер ертерек келгенінде (қызды - ред.) мүмкін құтқарып қалуға болатын ба еді", – деді марқұм қыздың туысқан әпкесі Екатерина Закураева.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047899-prokuror-almatydagy-7-zastagy-qyzdyn-olimine-qatysty-zantursigerlik-man-zaidy-aitty/

pixel