Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында ЖОО деканына жұмыста болмаған уақытында заңсыз жалақы беріліп келген

Опубликовано:

Ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2017 жылдан 2023 жылғы қыркүйекке дейін "Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" КЕАҚ "Экономика және заң" факультетінің деканына жалақы заңсыз түсіп отырған, деп хабарлайды AtyrauPress.

"Осы кезеңде 80 жұмыс күні ішінде осы деканға табельдерге ақылы күндер қойылған, ал іс жүзінде ол жұмыс орнында болмаған. Төлемнің жалпы сомасы - 1 млн теңге", - деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақ бойынша департаменті.

Кейін басылым тілшісіне Атырау университетінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Аталған университеттің бұрынғы қызметкеріне, табельге сәйкес, ол іссапарға жоспарланған мерзімнен бұрын кеткен немесе кейінірек оралған күндер, сондай-ақ белгілі бір кезеңдерде отбасылық жағдайлар мен денсаулық жағдайы бойынша болмаған күндер есептелді және төленді. Университетке келтірілген залалды бұрынғы декан анықталған сомаға сәйкес толығымен өтеді", - делінген хабарламада.

Басылым мәліметінше, декан өткен айда еңбек тәртібін бұзғаны үшін қызметінен босатылған. Сонымен қатар осындай жағдайға әкеп соқтырған немқұрайдылық танытқан лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047901-atyrau-oblysynda-zoo-dekanyna-zumysta-bolmagan-uaqytynda-zansyz-zalaqy-berilip-kelgen/

pixel