Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы зорлық оқиғасы: полиция бөлімшесі басшылығы толық ауысты

Опубликовано:

Полицей. Көрнекі фото
Полицей. Көрнекі фото: СҚО ПД

Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Арманбек Баймурзин өңір аудандарының бірінде полиция бөлімінің басшылығы толығымен ауысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Жамбыл облысында мәслихат депутатының 55 жастағы күйеуі 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталғаны туралы ақпарат пайда болған.

Сол кезде полиция бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлаған. Құқық қорғау органдары күдіктінің кінәлі екеніне барлық дәлелін жинағанын, оған өмір бойы бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұрғанын атап өткен. Қазір іс материалдары сотқа жолданды.

Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы генерал-майор Арманбек Баймурзин әлеуметтік педагогтар мен психологтардың ешқайсы полицейлерге балаларға қатысты құқықбұзушылықтар туралы ақпаратпен жүгінбегенін айтты, дегенмен облыста 432 әлеуметтік педагог пен 565 психолог жұмыс істейді екен.

"Білім беру қызметкерлері жасалған құқықбұзушылықтар туралы ақпаратты бізге беруге құлықсыз екенін айтуымыз керек. Бұл ақпарат бізге қажет.

Әлеуметтік педагогтардың, мектеп психологтарының, сынып жетекшілерінің кез келген ақпараты полицияға жедел және нақты алдын алу шараларын қабылдауға көмектеседі", - деді полиция қызметкері.

Ол, сондай-ақ мектеп басшылығы мен педагогикалық ұжымға қыз зорлау туралы 2022 жылдың қараша айында белгілі болғанын атап өтті. Алайда олар полицияға жүгінбеген. Оқу орнының қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне қатысты қылмыс туралы хабарламау фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 434-бабы "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Бұл жерде біздің қызметкерлер де бұл мәселеге бейкәсіби көзқараспен қарағанын мойындауымыз керек. Біз қызметтік тергеу жүргіздік, учаскелік полиция инспекторларын ғана емес, Сарысу полиция бөлімінің барлық басшылығын толығымен ауыстырдым. Мұндай мәселелерді қатаң түрде тоқтатып, қатаң күресу керек", - деп түйіндеді Баймурзин.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 434-бабына сәйкес, дайындалып жатқаны немесе жасалғаны анық белгiлi кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы ауыр қылмыс, аса ауыр қылмыс не дайындалып жатқаны анық белгілі терроризм актісі туралы хабарламау – 6 мың АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047907-zambyl-oblysyndagy-zorlyq-oqigasy-policiya-bolimsesi-bassylygy-tolyq-auysty/

pixel