Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік 35 жасқа дейінгілерге әлеуметтік көмек туралы желідегі ақпаратты жоққа шығарды

Опубликовано:

Фейк ақпарат иллюстрациясы
Фейк ақпарат иллюстрациясы. Фото: Jonathan Raa/NurPhoto via Getty Images

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде "Жастар" бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек тағайындау үшін бөлінген қаражат туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таратылып жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Мессенджерлерде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атынан "Жастар" бағдарламасы бойынша 35 жасқа дейінгі азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау туралы ақпарат тараған. Мұны ведомство жоққа шығарды.

Белгісіз адамдар тағайындалған қаражатты аудару үшін телефон нөмірге қоңырау шалуды немесе сілтемені басуды ұсынады.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызмет бағыты бойынша аталған бағдарлама да, әлеуметтік көмектің мұндай түрі де жоқ екенін хабарлаймыз", - делінген министрлік хабарламасында.

Тиісінше хабарламада көрсетілген нөмір немесе сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін екені айтылады.

"Алаяқтармен байланысқа түспеу үшін сілтемеге өтпеуге және көрсетілген нөмірге қоңырау шалмауға кеңес береміз. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047922-ministrlik-35-zasqa-deiingilerge-aleumettik-komek-turaly-zelidegi-aqparatty-zoqqa-sygardy/

pixel