Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл қазақстандықтар нашар жолға байланысты 19 мыңнан аса шағым жазған

Опубликовано:

Автожол түсірілген иллюстрациялық сурет
Автожол түсірілген иллюстрациялық сурет. Фото: Sebastian Gollnow/Getty Images

Үкімет отырысында ел премьер-министрі Әлихан Смайылов биыл қазақстандықтар жол сапасына қатысты 19 мыңнан астам шағым жазғанын мәлім етті. Бұл отырыста автожол саласын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Үкімет басшысының сөзінше, 2025 жылдың соңына дейін 3,6 мың км жолды күрделі жөндеуді аяқтау жоспарланып отыр.

Содан кейін ұзындығы 4,7 мың км болатын жаңа жобаларды іске асыру басталады.

"Осылайша, 2030 жылға дейін барлық халықаралық автомобиль дәлізін жаңғырту жұмыстары аяқталатын болады. Басты мәселе – жол құрылысының сапасын қамтамасыз ету", — деді премьер-министр.

Үкімет басшысы жол сапасының нашарлығы тұрғындардың наразылығына себепші болып отырғанын айтты.

Әсіресе, сапасыз жөндеу жұмыстарына қатысты айтылып жатқан сын көп.

Тек осы жылдың өзінде мемлекеттік органдарға автомобиль жолдарына қатысты 19 мыңнан астам арыз-шағым келіп түсті.

"Мысалы, жол азабын тартқан Қостанай облысының тұрғындары “Ұзынкөл” станциясы мен Троебратское ауылы арасындағы әбден тозып біткен жолға қатысты ұжымдық хат жазған. Бұл жол осы өңірді көршілес Солтүстік Қазақстан облысымен байланыстырады және Ресейге қарай транзиттік жол болып табылады. Биыл Ақтөбе облысының “Жұрын” станциясы мен Орқаш ауылы арасында қиыршық тас төселмеген сапасыз жол салынған. Тараз қаласының тұрғындары Қарасу шағын ауданында 1 жылдан астам уақыт бойы бітпей жатқан жол жөндеу жұмыстарын аяқтауды талап етіп келеді. Мұндай мысалдар барлық өңірде көптеп кездеседі", — деді Әлихан Смайылов.

2023 жылы автожол саласын дамыту жоспары
2023 жылы автожол саласын дамыту жоспары. Инфографика: primeminister.kz

Жоғарыда айталғандарды ескере отырып, Үкімет басшысы автомобиль жолдарына қатысты барлық жоспарланған жобаның уақытылы іске асырылуын қамтамасыз етуді, битумды сақтау инфрақұрылымын құру бойынша шаралар қабылдауды, оны сақтау және пайдалану технологиясының сақталуын бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047943-biyl-qazaqstandyqtar-nasar-zolga-bailanysty-19-mynnan-asa-sagym-zazgan/

pixel