Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік әйел күйеуінен алимент өндіру үшін алаяққа 7 млн теңге төлеген

Жарияланған күні:

Ноутбук алдында отырған адам
Ноутбук алдында отырған адам. Фото: pixabay.com

Шымкентте жалған адвокат тұрғыннан 7 млн теңге жымқырған. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.

Алаяқтық фактісін тергеу амалдары кезінде адвокаттық қызметін заңсыз көрсеткен тұрғынның әрекеті әшкере болған. Ол өзін адвокат ретінде таныстырып, жергілікті тұрғыннан бұрынғы күйеуінен баланы асырауға алимент өндіріп беремін деп уәде еткен.

Күдікті өз "қызметін" 7 миллион теңгеге бағалаған. Оған сенген келіншек ақысын төлеп, есесіне ешқандай заң көмегін алмаған. Ал қомақты қаржыны иеленген күдікті байланысқа шығуды түбегейлі тоқтатқан.

Жедел уәкілдер іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047949-symkenttik-aiel-kuieuinen-aliment-ondirusi-usin-7-mln-tenge-tolegen/