Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Банкоматтан бөтеннің ақшасын ұрлаған астаналық құрықталды (видео)

Опубликовано:

Банкоматтан бөтеннің ақшасын ұрлаған күдікті
Банкоматтан бөтеннің ақшасын ұрлаған күдікті. Фото: Instagram/police__astana

"Есіл" ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері өзгенің шотынан ақша ұрлады деген күдікпен 38 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Бұл туралы Астана қалалық полициясының ресми Instagram-парақшасында хабарланды.

Тергеу барысында ер адам күндізгі уақытта қаланың сол жақ жағалауындағы банктердің біріне келгені белгілі болған. Ол банк клиентінің банкомат арқылы қолма-қол ақшаны шешіп алып, операцияны соңына дейін аяқтамай кетіп қалғанын байқайды. Қылмыстық оймен күдікті жәбірленушінің банк менеджерімен сөйлесіп тұрғанын пайдаланып, оның шотынан 50 мың теңгені ұрлап алып, кеңседен шығып кеткен.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам ісін мойындағаны да айтылады. Енді оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

"Астана қаласының полиция департаменті азаматтаға сақ болуды ескертеді. Банкоматтар арқылы қолма-қол ақшаны алу кезінде мұқият болыңыз, кез келген операцияны соңына дейін орындап, "басты бетке" өтуді ұмытпаңыздар. Сондай-ақ азаматтарға ескертеміз, егер Сізге қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалса, дереу полицияға "102" арнасы немесе мобильді қосымша арқылы хабарлаңыз", - делінген полиция хабарында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047952-bankomattan-botennin-aqsasyn-urlagan-astanalyq-quryqtaldy-video/

pixel