jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Денсаулық сақтау министрлігі Қытайдан шыққан жұқпалы вирус туралы қауесетті жоққа шығарды

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет. Фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері бүгін үкіметте өткен брифингте Қытайда жаңа қауіпті вирус анықталды ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистер денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерінен Қытайдағы жағдайға түсініктеме беруін сұрады. Олар қазақстандықтар арасында дүрбелең бар екенін, балалар жиі зардап шегетін белгісіз аурудың кезекті эпидемиясы бар деген қауесеттің рас-өтірігін анықтап беруді сұраған.

"Меніңше, ата-аналардың уайымдайтын дәнеңесі де жоқ – уақытылы вакцинация біздің балаларымыздың денсаулығын қорғауға ықпал етеді. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ресми мәліметтерге сәйкес, онда жаңа да, белгісіз де патогендер табылмаған, яғни олар маусымдық сипатқа ие қарапайым, классикалық жұқпалы аурулар", – деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова.

Оның айтуынша, қазір бүкіл әлемдегі биологиялық жағдай шиеленісті болып қала береді.

"Ковидтік шектеулер болды, олардың жойылуына байланысты біз бүкіл әлемде жұқпалы аурулардың өсуін байқап отырмыз. Себебі адамдар бір-бірімен көбірек "қарым-қатынас" жасай бастады (жүру, саяхаттау - ред.ескертпесі), қоғамдық орындарда жиналу басталды және бұл вакцина салдырмаған адамдар арасында жұқпалы аурулардың көбеюіне әкелді", - деп түсіндірді ол.

Денсаулық сақтау министрлігі Қытайдан шыққан жұқпалы вирус туралы қауесетті жоққа шығарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.