jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Елордада дәстүрлі емес медициналық қызметпен айналысқан тұрғын сотталды

Дәрігер
Дәрігер. Көрнекі фото: pexels.com

Астанада дәстүрлі емес шығыс медицинасымен айналысқан тұрғынға сот үкімі шықты, деп хабарлайды елорда прокуратурасы ресми сайтында.

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, ұйқысына байланысты шағыммен клиникаға жүгінген жәбірленушіге Қазақстан Республикасында лицензияланбаған препарат инъекциясы егіліп, содан кейін оның жағдайы күрт нашарлаған. Біраз уақыттан кейін пациент есін жимастан қайтыс болған.

Сараптама қорытындысы бойынша өлім анафилактикалық шоктан болған.

Мемлекеттік айыптаушы абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған дәстүрлі емес шығыс медицинасымен айналысқан тұрғынның кінәсін дәлелдеген.

Ол тиісті куәліктері мен лицензиялары жоқ медициналық қызметпен айналысқан.

Сот үкімімен кінәлі адам медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, сотталған.

Осы орайда Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды осы қызмет түрімен айналысуға тиісті рұқсаты жоқ адамдарға медициналық көмекке жүгінбеуге шақырады.

Елордада дәстүрлі емес медициналық қызметпен айналысқан тұрғын сотталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.