jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Желіде бұрынғы депутат Бірғаным Әйтімованың атынан фейк жарнама тарады

Бірғаным Әйтімова
Бірғаным Әйтімова: "История в лицах" бағдарламасынан кадр

Facebook-те парламент сенатының депутаты болған Бірғаным Әйтімова "аз ақша жұмсап, 550 мың теңге табуға" мүмкіндік беретін жоба ашқаны туралы айтқан видео жарияланған. Бұл фейк деп, хабарлайды Stopfake.kz.

Ақпараттың шынайылығын тексеретін сайттың мәліметінше, желіде тараған жарнамадағы видеода төрт жыл бұрын "Хабар 24" телеарнасында шыққан "История в лицах" бағдарламасынан үзінді қолданылған.

Монтаждалған видеода бойжеткен бір "жобаға" қатысқанын және табыс тапқанын айтады.

Сайттың жазуынша, шын мәнінде Бірғаным Әйтімова сол бағдарламадағы сұхбатында жұмысы және Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу жылдары туралы баяндаған.

"Ол жеке инвестициялық жоба туралы айтқан жоқ. Қазіргі кезде әлеуметтік желілерде таралып жатқан бейнероликте бағдарламаның кадрлары пайдаланылған. Мұқият қарасаңыз, дыбыс пен артикуляцияның сәйкес келмейтінін байқауға болады", - деп жазады сайт.

Сондай-ақ сайт мамандары ролкитегі қыздың сөздері де күмән тудыратынын байқаған. Мысаалы, ол алдын ала дайындалған мәтінді оқып отырып, Бірғаным Әйтімованың тегін қате айтқан, атын "Гүлнара" деп атаған.

"Демек таралған видеоға сенбеген жөн. Бұл алаяқтардың әрекеті", - деді сайт өкілдері.

Желіде бұрынғы депутат Бірғаным Әйтімованың атынан фейк жарнама тарады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.