jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Петропавлда ата-анасы жеті жасар қызын ұрып-соқты деген күдікке ілінді

    Қыз бала
    Қыз бала. Көрнекі фото: pixabay.com

    Петропавлда баласымен тіл табыса алмаған ата-ана оны соққыға жыққан. 7 жасар қыз баланың денесіндегі жарақаттарды мектеп медбикесі көріпті. Медицина қызметкері бұл жайында дереу полицияға хабарлаған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

    Телеарна ақпаратынша, тексеру барысында оның 26 жастағы анасы мен 33 жастағы өгей әкесі ұрып-соққаны анықталған. Олар өзінің теріс қылығын қыздың тіл алмауымен түсіндірген. Қазір жеткіншек ауруханада ем алып жатыр.

    "Аталған факті Қылмыстық кодекстің 107-бабының 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бойынша Петропавл қаласы полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

    Істің барлық мән-жайларын зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады", - деді СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.