jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    "1 қаңтардан бастап арнайы белгі қоюға міндетті": газбен жүретін көлік иелері талапқа бағынбаса айыппұл салына ма

    жолдағы көліктер
    Жолдағы көліктер. Көрнекі фото: Ditto/Getty Images

    Қазақстанда газбен жүретін көлік иелері 1 қаңтардан бастап арнайы белгі қоюға міндетті. Сауда және интеграция министрлігі талап орындалмаса, айыппұл қарастырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, өзгеріс бойынша газ баллонды жабдығы бар автокөліктерге арнайы белгі міндетті түрде жапсырылуға тиіс. Ол қара түсті жиегі бар және "GAS" леп белгісі жазбасы бар сары түсті теңбүйірлі үшбұрыш болып келеді.

    Бұл белгі жабық паркингтерге кірген кезде көлікті оңай тану үшін қажет.

    Министрлік бүгінгі таңда 380 000-нан астам автокөлік газ баллонмен жабдықталғанын мәлім етті.

    Сондай-ақ ведомство өкілдері көлікке арнайы белгі жапсырылмаса айыппұл қарастырылғанын да еске салды.

    "Белгі газ баллонмен жабдықталған автокөліктер үшін міндетті болғандықтан, ӘҚБтК 620-бабының 3 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған", - дейді ведомство өкілдері.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық көлік жүргізушілері газбен жүретін көліктеріне арнайы белгі жапсыруға міндеттелетінін хабарлаған едік. Өзгеріс 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.