jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Жыл басынан бері "Қазпоштада" 270 млн теңгеден астам қаржы жымқырылған

"Қазпочта" бөлімшесі
"Қазпочта" бөлімшесі. Көрнекі фото: facebook.com/Kazpost

"Қазпошта" АҚ 2023 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өңірде ішкі тергеу жұмыстарын жүргізуде. Осыған дейінгі тергеу жұмыстары бойынша қаржылық заң бұзушылықтар анықталып, 273 000 000 теңге жымқырылғаны белгілі болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Компания мәліметінше, қазіргі таңда ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау және күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданған.

"Заң бұзушылық фактілері қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері бар. Барлығы 7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелді", - делінген хабарламада.

"Қазпошта" АҚ өкілдер орталықтар мен жергілікті жерлерде түрлі заң бұзушылық әрекеттермен күресті одан әрі жалғастырып, құқық қорғау органдарымен бұл бағыт бойынша бірлесіп жұмыс істейтінін атап өтті.

Жыл басынан бері "Қазпоштада" 270 млн теңгеден астам қаржы жымқырылған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.