Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қар қашан жауады: синоптиктер болжам ұсынды

Опубликовано:

боран
Боранды күн. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер биыл күз неге жылы болғанын және елімізде қар қашан жауатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде желтоқсанның бірінші онкүндігінің соңында қар жауады. Ал республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында айдың екінші жартысында қар жауады деп күтілуде.

Желтоқсан айының басында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), сондай-ақ тұман, көктайғақ болады. Ал солтүстік өңірлерде ұйытқыған жел мен қарлы боран соғуы мүмкін.

Желтоқсанның бірінші онкүндігінің екінші жартысында оңтүстік аймақтарды қоспағанда, елдің басым бөлігінде аязды ауа райы күтіледі. Атап айтқанда, қар жауып, жел күшейеді. Түнгі уақытта ауа темпертурасы -10...-20°С-қа дейін, күндіз-3...-10°С-қа дейін төмендейді деп болжануда.

Биыл күз неге жылы болды?

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағында күздің жылы болуы мен қыстың кеш келуіне батыс және оңтүстік циклондардың, сондай-ақ Иран мен Жерорта теңізінен жылы ауа массаларының келуі әсер етті.

Осыған байланысты Қазақстан аумағындағы температуралық фон климаттық нормадан 3-10 градус жоғары болды. Метеобақылау тарихында биыл қараша айы өте жылы болды, жылы ауа-райының жоғарғы шегі 17-18 қарашад байқалды. Соңғы рет мұндай ауа райы 2010 жылы болған. Ол кезде ауа температурасы нормадан 2-7°өзгерген.

Мұндай құбылыс ел тарихында қашан байқалды?

Көпжылдық бақылаулар бойынша Астана қаласында қардың кеш жаууы 1967 жылғы 15 желтоқсанда (56 жыл бұрын) және 2008 жылғы 14 желтоқсанда (15 жыл бұрын) тіркелді.

Тарихи деректерге сүйенсек, елордада қар жамылғысының ерте түсуі – 10 қазан, орташа түсуі – 10 қараша, ал кеш түсуі 15 желтоқсанда болған.

Соңғы үш жылда – 2020, 2021, 2022 жылдары қарашаның бірінші онкүндігінің соңында, екінші онкүндігінің басында қар жауғаны тіркеліп, қардың орташа қалыңдығы 8-13 см болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048195-qazaqstanda-qar-qasan-zauady-sinoptikter-bolzam-usyndy/

pixel