Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау министрі қызылша жұқтыру жағдайына болжамын айтты

Опубликовано:

Қызылшаға қарсы екпе салу сәті. Көрнекі сурет.
Қызылшаға қарсы екпе салу сәті. Көрнекі сурет. Фото: BSIP/Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният бүгін ОКҚ брифингінде Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылық жағдайына болжам жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистер денсаулық сақтау министрлігінің қызылша эпидемиясына қатысты ең нашар сценарийін айтуды сұраған. Ажар Ғиният Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы қызылша ауруын үнемі болжап отыратынын хабарлады. Олар алдағы екі аптаға болжам жасайды. Қосымша иммундау күндерін ескере отырып, орталық мамандары қай аймақтарда аурушаңдық байқалуы мүмкін екенін есептейді.

"Жаппай иммундау күндерін дұрыс және тиімді өткізсек, желтоқсан айында жағдайдың тұрақтануын және жаңа жылдың қаңтарында сырқаттанушылықтың төмендеуін күтеміз", – деді министр.

Сонымен бірге ол қызылша вакцина арқылы реттелетін инфекция екенін атап өтті.

"Қазір біз иммунитеті жоқ жұртты қорғасақ, онда көпшіліктің иммунитеті бар, сондықтан мұндай үлкен ауру ошақтары мен одан әрі өсім болмауы керек. Қазір денсаулық сақтау жүйесінің барлық күші мен ресурсы жаппай иммундаудың қосымша күндерін өткізуге бағытталып отыр", - деп түйіндеді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048252-densaulyq-saqtau-ministri-qyzylsa-zuqtyru-zagdaiyna-bolzamyn-aitty/

pixel