Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда шетелдік көлікті заңдастырамын деп жұртты алдаған күдікті ұсталды

Опубликовано:

Алматыда ұсталған күдікті
Алматыда ұсталған күдікті: polisia.kz

Алматыда 30 жастағы тұрғын шетелде тіркелген көлікті заңдастырып беремін деп, бес адамды алдаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, Алматы облысының 30 жастағы тұрғыны бірқатар алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

"Ж. есімді азамат алдау және сенімге қиянат жасап, шетелдік автокөліктердің құжаттарын заңдастырамын деген желеумен сенгіш азаматтардан алдын ала төлем алған. Мәселен, жәбірленушілердің бірі күдіктіге құжат рәсімдеу үшін 800 мың теңге берген. Күдіктінің осы уақытқа дейін төрт қала тұрғынын алдағаны белгілі болды", - делінген хабарда.

Бұл деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу кезінде алдын ала төлем сомасы “қызметіне” байланысты өзгеріп отырғаны анықталған.

"Қазіргі уақытта іс жүргізудің толықтығын қамтамасыз етуге және шындықты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Ұсталған адамның жеке басы осыған ұқсас басқа да қылмысқа  қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді", - делінген хабарда.

Айта кетейік, Қазақстанда шетелде тіркелген машиналарды ел аумағына әкелу ережелері мен талаптары бекітілгенін хабарлаған едік. Құжатқа сәйкес, басқа елде тіркелген автокөліктерді Қазақстанға әкелу "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" ҚР Заңына сәйкес өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады. Оның шарттары бойынша, мынадай құжаттар болуға тиіс:

  • автокөлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • автокөлік иесінің мәліметтері, көлікті сәйкестендіру белгілері, жеткізу орны туралы мәліметтер және осындай көлікті қабылдау шарттары (автокөлік құралдарын тасымалдау жөніндегі қызметтерді пайдалана отырып, авто әкелген жағдайда) қамтылған автокөлік құралын ҚР аумағына тасымалдау туралы қызметтер көрсетуге арналған шарт;
  • ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде тіркелген автомобильдердің сәйкестендіру белгілері және оларды тіркеу есебі туралы көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің паспорттары) жүйесінен және өздігінен жүретін машиналардың және басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарынан мәліметтер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048274-almatyda-seteldik-kolikti-zandastyramyn-dep-zurtty-aldagan-kudikti-ustaldy/

pixel