Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық полицейлер көлік жарысын ұйымдастырған жүргізушілерді ұстады (видео)

Опубликовано:

Астана-Павлодар тас жолы
Тас жолда көлік жарысын ұйымдастырған. Видеодан кадр: instagram.com/police__astana

Астанада жол ережесін бұзып, дрифт ұйымдастырған жүргізушілер ұсталды, деп хабарлайды елордалық ПД Instagram-дағы ресми парақшасында.

Кешкі уақытта полицияға Астана-Павлодар тас жолында айналма жолда бір топ көлік жүргізушілерінің жарысып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Бірден аталған аумаққа барған тәртіп сақшылары бұзақы жүргізушілерді дереу құрықтаған. Олар екі BMW 328 CI және BMW 325 I көлігінің иелері болып шықты.

"Жол қозғалысы ережелерін бұзушылар ӘҚБтК-нің 590-бабының 1-бөлігімен (тиісті рұқсатсыз көлік құралын басқару) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, автокөліктер коммуналдық тұраққа қойылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар BMW 525, BMW 523 I және Lada 21073 көліктерінің жүргізушілеріне де Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын жүргізу) 590 бабы, 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылып, жауапқа тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048282-astanalyq-policeiler-kolik-zarysyn-uiymdastyrgan-zurgizusilerdi-ustady-video/

pixel