Жетісу облысында мал басы туралы жалған ақпарат берген ауыл әкімдері жазаланды
Жарияланған күні:
Жетісу облысы Кербұлақ ауданының ауылдық округтерінің 8 әкімі тіркеулер мен статистикалық деректерді бұрмалағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жетісу облыстық прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Олар статистикалық есептерде жеке сектордағы шаруа қожалықтарының мал саны көбейтіп көрсеткен.
Тексеріс нәтижесінде 75 мың гектарға жайылымдық жерлерге деген қажеттілік бұрмаланғаны анықталды.
Кербұлақ ауданының ауылдық округтерінің 8 әкімі ӘҚБтК-нің 499-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау шегінде аудан әкімдігі жайылымдарды басқару жөніндегі бұрын бекітілген жоспарды қайта қарау бойынша жұмысын бастады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048293-zetisu-oblysynda-mal-sany-turaly-zalgan-aqparat-bergen-auyl-akimderi-zazalandy/