Түркістан қаласы әкімдігінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Жарияланған күні:
Читать на русскомТүркістан қаласы әкімдігінің екі қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ақпаратты аймақ басшысы Дархан Сатыбалды растады, деп хабарлайды Kazinform.
Агенттік мәліметінше, әлеуметтік желідегі жарияланымдарда Түркістан қаласы әкімдігінің аппарат басшысы мен көмекшісі құқық қорғау органдарының назарына іліккен. Олар электрмен жүретін көліктерді жалға беріп, жеке шоттарға ақша аударған деп айыпталып отыр.
Брифингте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Қала әкімдігі қызметкерлерінің де құқығы бар. Сондықтан екі жақтан түскен өтініштерді қарау керек. Тиісті органдар бар. Біз бірінші кезекте электрокарлардың жалға беру жұмыстарының қаншалықты тиімді жүргізілгенін, көліктердің жағдайын да тексереміз.
Осы мәселе бойынша құзырлы органдарға хабарластым. Олардың айтуынша, қылмыстық іс қозғалған. Қорытындысы қосымша жарияланады", - деп жауап берді Сатыбалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048313-turkistan-qalasy-akimdiginin-qyzmetkerlerine-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/