jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Түркістан қаласы әкімдігінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қылмыстық іс бойынша құжаттар бумасы
Қылмыстық іс бойынша құжаттар бумасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан қаласы әкімдігінің екі қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ақпаратты аймақ басшысы Дархан Сатыбалды растады, деп хабарлайды Kazinform.

Агенттік мәліметінше, әлеуметтік желідегі жарияланымдарда Түркістан қаласы әкімдігінің аппарат басшысы мен көмекшісі құқық қорғау органдарының назарына іліккен. Олар электрмен жүретін көліктерді жалға беріп, жеке шоттарға ақша аударған деп айыпталып отыр.

Брифингте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Қала әкімдігі қызметкерлерінің де құқығы бар. Сондықтан екі жақтан түскен өтініштерді қарау керек. Тиісті органдар бар. Біз бірінші кезекте электрокарлардың жалға беру жұмыстарының қаншалықты тиімді жүргізілгенін, көліктердің жағдайын да тексереміз.

Осы мәселе бойынша құзырлы органдарға хабарластым. Олардың айтуынша, қылмыстық іс қозғалған. Қорытындысы қосымша жарияланады", - деп жауап берді Сатыбалды.

Түркістан қаласы әкімдігінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.