jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері Алматыдағы хостелдегі өртке қатысты пікір білдірді

Алматыдағы өрт шыққан хостел
Алматыдағы өрт шыққан хостел. Фото: NUR.KZ/Ардақ Құлтай

Ғылым және жоғары білім министрлігі өрт шыққан хостелмен арада келісімшарт болмағанын мәлімдеп, өрттен қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматы қаласының жоғары оқу орындары аталған хостелмен студенттерді орналастыруға келісім-шарт жасаспағанын хабарлайды.

"Студенттерді көрсетілген хостелге орналастыру жүргізілген жоқ.

Біздің мәліметіміз бойынша, бұл хостелдің тұрғындары жеке жалдау компаниясымен ынтымақтастық арқылы өз бетінше келісімшарттар жасасты", - деп хабарлады ведомство

Министрлік мәліметінше, бүгінгі таңда ЖОО-лар 87 нысанды (қонақ үйлер мен хостелдер) жалға алған.

"Жоғары оқу орындары келісім жасасатын жалға алынған объектілерге өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалар, камералардың, турникеттердің болуы, коменданттық сағаттың сақталуы туралы жоғары талаптар қояды.

Шарт жасасқан хостелдерде ЖОО-ның студент жастары ғана тұрады. Үй-жайларға үнемі мониторинг және тексеру жүргізіледі", - делінген ведомство хабарламасында.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері Алматыдағы хостелдегі өртке қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.