Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісуда инклюзивті білім беруге ерекше назар аударылуда

Опубликовано:

мұғалім және бала
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Жетісу облысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолдау көрсететін 18 мекеме бар. Соның ішінде арнаулы интернаттар, облыстық педагогикалық-психологиялық консультациялар, педагогикалық-психологиялық түзету кабинеттері қызмет көрсетеді.

Кез келген бала өз қатарластарымен бірдей білім алып, тең мүмкіндіктерді пайдалануға құқылы. Дегенмен денсаулық жағдайына байланысты бұл оларға көбіне қиынға соғып жатады.

Мәселен, өңірде ерекше білім беру қажеттігі бар 7072 балалар болса, соның 1709-ы мүгедектігі бар балалар. Бүгінде 1896 бала мемлекеттік балабақшаларда, мектептер мен колледждерде инклюзивті білім берумен қамтылып отыр.

балалар сыныбы
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

«Жалпы білім беретін мектептерде 203 педагог-дефектолог, 165 логопед, 1 тифлопедагог, 108 педагог-ассистент жұмыс істейді. Биыл Көксу ауданында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды. Сол сияқты Панфилов ауданы Ы.Алтынсарин атындағы мектепте, Талдықорғандағы №7, №27 орта мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттері жұмыс істейді.

Талдықорған қаласындағы №16 орта мектеп базасында ресурстық кабинет аштық. Инклюзияны қолдау кабинеттері жұмысының тиімділігін ескере отырып, облыстық білім басқармасының жол картасына сәйкес 2024 жылы тағы 2 кабинет ашсақ деп жоспарлап отырмыз», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048513-zetisuda-inklyuzivti-bilim-beruge-erekse-nazar-audaryluda/

pixel