jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Балтамен шабуыл жасаған: Петропавлдағы оқушыға қатысты сот үкімі шықты

    Балта
    Балта. Көрнекі фото: piqsels.com

    Петропавлда мектепке балта мен пышақ алып келіп балаларға шабуыл жасаған оқушыға сот үкім кесті. Небәрі 14 жастағы жеткіншек енді алты жыл тоғыз айын түрмеде өткізеді, деп хабарлайды КТК арнасы.

    Оқиға Петропавл қаласындағы №4 мектепте таңертең сабақ басталмай тұрғанда болған. 14 жастағы Давид Джакеладзе бетперде киіп, екінші қабатта жәйбарақат тұрған оқушыларды балтамен ұрған. Соның алдарынан үш бала жарақат алған еді.

    Қатарластарына қастандық жасаған оқушыны ересек балалар жабылып тоқтатты. Содан бері тоғыз ай қаралған қылмыстық іс бойынша сот отырысы алқабилердің қатысуымен жабық жағдайда өтті.

    Күдікті істеген ісін мойындамай қасарысып бақты. Бірақ сотта бұған бұлтартпас дәлелдер болды. Жасөспірімге мектептен берілген мінездеме мен оның кәмелетке тік толмауына байланысты жеңілдік беріліп, алты жыл тоғыз ай үкім кесті. Енді ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

    "Қылмыс жасаған кезде психикалық ауытқу жағдайында болдым дегеніңіз Алматыда жасалған психиатриялық, наркологиялық кешенді сот сараптамасында анықталмады. Ешқандай да психикалық ауруыңыз жоқ. Қылмыс жасаған кезде өзіңізді меңгеретіндей, жасаған ісіңізге жауап бере алатындай жағдайда болдыңыз", - деді судья Әбдіқаһар Еркебаев.

    Дереккөз: КТК.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.