Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында шенеуніктер 13 млн теңгеге киіз үй, 1,5 млн теңгеге салқындатқыш сатып алғысы келген

Опубликовано:

Көрнекі сурет. Қазақ киіз үйі
Көрнекі сурет. Қазақ киіз үйі. Фото: Photo credit should read CFOTO/Getty Images

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысында мемлекеттік сатып алудағы бірқатар тауарға баға тым жоғары екенін анықтаған. Мысалы бір киіз үй бағасы 13 млн теңге болған. Бұл туралы орган Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

Антикор таратқан ақпарат бойынша, Жетісу облысының Спорт басқармасы нақты құны 4,5 млн теңге болатын бір ұлттық киіз үйді 13 млн теңгеге сатып алуды жоспарлаған.

Сонымен қатар Жетісу облысының "Сарқан ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі" МКҚК нақты орташа нарық құны 250-300 мың теңге болатын салқындатқышты 1,5 млн теңгеге сатып алуды жоспарлаған.

Агенттіктің уақтылы ден қою нәтижелері бойынша аталған қаражат қайта қаралған.

Сондай-ақ агенттік 14,8 млн теңге сомасына бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермеген.

Мәселен, Қостанай облысының аудандық білім бөлімі литріне 580 теңгеден 43 мың литр жазғы дизель отынын сатып алуды жоспарлаған, ал сол кездегі орташа бағасы литріне 250 теңгеден кем болған.

Бұл дизель отыны облыс аудандарындағы мектептер мен балабақшалардың қажеттіліктеріне арналған.

Бұдан бөлек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы әкімдігінің қалалық ауруханасының 16 портативті медициналық шамды әр данасына 3,3 млн теңгеден сатып алуын тоқтатқан. Оның орташа нарық құны 600 мың теңгеден аспайды. Осылайша, 44 млн теңге сомасына қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол берілмеген.

Мемлекеттік сатып алу саласында 67 млрд теңге үнемделген.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кейінгі 2 жылда мемлекеттік сатып алу саласында 67 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермеді (2022 жылы 29 млрд теңге, 2023 жылдың 10 айында 38,4 млрд теңге). Антикор "Бірыңғай сатып алу терезесі" ақпараттық жүйесі арқылы бағаны көтеру тұрғысынан сатып алу мониторингін жүзеге асырады", - делінген агенттік хабарында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048564-zetisu-oblysynda-seneunikter-13-mln-tengege-kiiz-ui-15-mln-tengege-salqyndatqys-satyp-algysy-kelgen/

pixel