jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Ұлытау облысында ауруханада жұмыс істемеген адамдарға 5,1 млн теңге заңсыз аударылған

Конверттегі ақша
Конверттегі ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ұлытау облысында сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу бойынша айыпталған Жәйрем кенті ауруханасының бухгалтерлеріне сот үкімі шықты. Бұл туралы Ұлытау облысының прокуратурасы ресми сайтында хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Жәйрем кенті медициналық мекемесінің Б. және T. бухгалтерлері 2021-2022 жылдары ауруханада іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға 5,1 млн теңгені заңсыз аударған.

"Әрі қарай жымқырылған қаражатты аталған бухгалтерлер өз пайдаларына иемденген. Бұл факт бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - делінген хабарламада.

Бүгінде бұл іс бойынша сот үкімі шығып, аурухана бухгалтерлері кінәлі деп танылып, оларға бас бостандығын шектеу жазасы белгіленген (2 жыл және 3 жыл 6 ай мерзімге).

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Ұлытау облыстық прокуратурасының өкілдері қазіргі уақытта атқарушылық іс жүргізу қозғалып, мемлекетке келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

Ұлытау облысында ауруханада жұмыс істемеген адамдарға 5,1 млн теңге заңсыз аударылған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.