Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында білім беру саласының қызметкерлері ірі көлемде ақша жымқырды деп күдіктелуде

Опубликовано:

20 мың теңгелік купюралар және 100 теңгеліктер
Купюралар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан облысында білім беру саласының қызметкерлері 2 млрд теңгеден астам қаржы жымқырды деп күдіктелуде. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шардара және Сарыағаш аудандарындағы білім бөлімдерінің бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Олар бюджет қаражатын аса ірі көлемде жүйелі негізде жымқырды деп күдіктелуде.

"Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті тұлғалар 2020-2023 жылдар аралығында білім беру саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың шоттарына ақша қаражатын аудару, сондай-ақ мектеп қызметкерлеріне жоғары жалақы есептеу арқылы шамамен 2,6 млрд теңге сома жымқырған.

Қазіргі уақытта Түркістан облысының білім беру саласынан 17 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда, олардың 4-і қамауға алынды", - делінген Антикор таратқан хабарламада.

Ведомство өкілдері залалды өтеу мақсатында 39 жылжымайтын мүлік, 44 автокөлік, зергерлік бұйымдар және қылмыстық істер бойынша айыпталушылардың ақшалай қаражаттары бұғатталғанын атап өтті.

Сонымен қатар тергеу барысында Түркістан облысының тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы әшкереленген. Ол Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудит барысында анықталған жымқыру фактілерін пайдакүнемдік ниетпен жасырған деген күдікке ілінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048623-turkistan-oblysynda-bilim-beru-salasynyn-qyzmetkerleri-iri-kolemde-aqsa-zymqyrdy-dep-kudiktelude/

pixel