jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Маңғыстау облысы 1 желтоқсаннан бастап елорда уақытына ауыса ма

Сағат
Сағат. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтау тұрғындары бір-біріне мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап өңір уақыты елордалық уақытқа, яғни бір сағат алға жылжитыны туралы хабарлама таратуда. Облыстық қоғамдық коммуникация орталығы Facebook-тегі ресми парақшасында әзірге сағат ауыспағанын, нақты шешімі алдағы уақытта белгілі болатынын мәлімдеді.

Облыстық қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасай отырып, қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша шешім қабылданбағанын хабарлады.

"Аталған мәселенің шешімі егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін, сондай-ақ жұртшылықпен кеңінен талқыланғаннан кейін қабылданады", - деді Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ақай Мусалиев.

Маңғыстау облысы 1 желтоқсаннан бастап елорда уақытына ауыса ма

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.