Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қонаев қаласындағы ойынханалар жабыла ма: облыс әкімі жауап берді

Опубликовано:

Казиноның ішкі көрінісі
Казино. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевке Қонаев қаласында орналасқан казинолардың жағдайы не болатыны туралы сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Журналистер 2022 жылы Қонаев қаласындағы казинолар жабылады немесе көшіріледі деген ақпарат болғанын еске салды. БАҚ өкілдері облыс әкімінен бұл жағдайға қатысты пікір білдіруін сұрады.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бүгінде өңірде 5 казино және басқа да ойын бизнесі субъектілері жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

"Бұл жерлерде 7,5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. 64 мың адам тұратын қала үшін бұл айтарлықтай көрсеткіш. Былтыр ойын бизнесі субъектілері 90 миллиард теңгеге жуық салық төлеген", - деді ол.

Сұлтанғазиев казинолардың қалай жұмыс істейтініне де тоқталды.

"Құмар ойындарға тәуелділік және тағы басқа мәселелерді көтеріп жатқан шығарсыз. Казинодағы ережелер өте қатаң: ол жаққа бару үшін сізде көп ақша болуы керек. Сонымен қатар туыстары немесе құқық қорғау органдары хабарласса, бұл адамға шектеу қойып, казиноға кіргізбейді. Оларға шектеу болады", - деді өңір басшысы.

Ол казиноны көшіру туралы жоспар жоқ екенін айтты.

"Бүгінгі таңда мұндай жоспар жоқ, өйткені бұл туристік қала және бұл туристерді тартатын салалардың бірі – ойын туризмі. Менің ойымша, біз артықшылықтарымызды жоғалтпай, барлық мүмкіндікті пайдалануымыз керек, - деді Сұлтанғазиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048705-qonaev-qalasyndagy-oiynxana-zabyla-ma-oblys-akimi-zauap-berdi/

pixel