Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туысының даусын салады: Ұлттық банк азаматтарға жаңа алаяқтық схемасы туралы ескертті

Опубликовано:

Телефон ұстап тұрған қыз
Телефон ұстап тұрған қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан Ұлттық банкі жасанды интеллектті пайдалана отырып жасалатын телефон алаяқтығының жиілеп кеткені туралы ескертті. Бұл туралы Ұлттық банк ресми сайтында хабарлады.

"Алаяқтар кез келген адамның жақын туыстары мен таныстары туралы ашық дереккөздерден алдын ала ақпарат жинайды. Бұл дереккөздер – әлеуметтік желілер, қорғалмаған дерекқорлар мен интернетте орналастырылған дербес мәліметтер. Бұдан әрі олар дауыстық деректердің жазбасын жасау үшін белгісіз немесе анонимді телефон нөмірлерінен қоңырау шалады.

Қаскөйлер алынған дауыстық жазбалар мен жасанды интеллект көмегімен өңделген бағдарламаларды пайдалана отырып, дербес деректерді немесе ақшалай қаражатты алу мақсатында өздерін алаяқтық құрбаны болатын адамның туыстары немесе жақындары ретінде таныстырады", - делінген хабарламада.

Осы ретте, Ұлттық банк азаматтарды белгісіз нөмірлерден қоңырау шалынған кезде қырағылық танытуға, өздерінің дербес деректерін ашпауға, мобильді қосымшаларды орнатпауға, мобильді телефонға қашықтан кіру рұқсатын бермеуге және телефон арқылы сөйлесу барысында алынған нұсқаулар бойынша үшінші тұлғалардың шоттарына ақшалай қаражатты аудармауға шақырады.

Егер сіз немесе сіздің танысыңыз алаяқтық схемаларына тап болса, құқық қорғау органдарына тиісті өтінішпен жүгіну керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048728-tuysynyn-dausyn-salady-ulttyq-bank-azamattarga-zana-alayaqtyq-sxemasy-turaly-eskertti/

pixel