Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында өрт сөндірушілер екі баланы өрттен құтқарды (видео)

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер. Видеодан кадр: Төтенше жағдайлар министрлігі

Ақмолалық өрт сөндірушілер 7 және 2 жасар балаларды өрттен құтқарды. Степногорск қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан, деп жазады төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Степногорск қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерде орын алған өрттен 2 және 7 жасар бала құтқарылды.

3 техника мен жеке құрамның 8 адамы шақырту орнына 4 минутта келіп, өртті 17 минут ішінде жойды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп мәлім етті төтенше жағдайлар министрлігі өз хабарламасында.

Сонымен қатар құтқарушылары өрттің балалардың отпен ойнау себебінен пайда болғанын атап өтті.

"Өрттің алдын ала себебі – балалардың отпен ойнауы. Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және оларды қараусыз жалғыз қалдырмаңыздар", - деп жазды төтенше жағдайлар министрлігі өз хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048745-aqmola-oblysynda-ort-sondirusiler-eki-balany-ortten-qutqardy-video/

pixel