Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да Тәуелсіздік күніне арналған республикалық пікірсайыс турнирі басталды

Опубликовано:

қатысушылар
Фото: БҚО әкімдігі

Бүгін Орал қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған студенттер мен магистранттар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирі басталды.

Аталмыш турнирдің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында еліміздің жеткен жетістіктерін насихаттау және мемлекеттік маңызы бар мәселелерді талқылау және оларды шешу бағытында тың идеяларды тудыруға мүмкіндік жасау болып табылады.

қатысушы
Фото: БҚО әкімдігі

Турнирдің салтанатты ашылуына қатысқан Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Шөкеева Гүлжанар Болатқызы өз сөзінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Біз осыдан 32 жыл бұрын бабалар арманын ақиқатқа айналдырдық. Жаңа Қазақ мемлекеті құрылғанын дүние жүзіне паш етіп, Тәуелсіздігімізді жарияладық. Бірнеше ғасырдан бері үзіліп қалған дербес мемлекеттілік дәстүрімізді қайта жалғадық. Шын мәнінде егемендік – елдің бәріне бұйыра бермейтін бақ. Әлемде сан миллион халқы болғанымен, ұлтарақтай жері жоқ қаншама ұлт бар. Ал қазақтың пешенесіне өз мемлекетін құру бақыты жазылды. Бұл – ұлы бақыт, ұлттың бақыты! Бұдан асқан қуаныш, бұдан биік мәртебе бар ма?!», - деген сөзін атап өтіп, турнир қатысушыларына Батыс Қазақстан облысының әкімі Төреғалиев Нариман Төреғалиұлының құттықтау хатын оқып берді.

Гүлжанар Болатқызы
Фото: БҚО әкімдігі

Сонымен қатар еліміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері мен Батыс Қазақстан облысының ерекшеліктерін тілге тиек етті.

қатысушылар
Фото: БҚО әкімдігі

Пікірсайыс турнирі елімізге белгілі, беделі жоғары оқу орындарының бірі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде өткізіліп жатыр. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, турнир ұйымдастырушыларынң бірі Сүлейменов Мерген Қуанышұлы жоғары оқу орны басшылығы ататын пікірсайыс турнирінің өтетін орны мен өзге аймақтан келген қатысушыларды тұратын орынмен қамтамасыз етуге қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

қатысушы
Фото: БҚО әкімдігі

Пікірсайыс «Британиялық парламенттік формат», «Америкалық парламенттік формат», «Линкольн – Дуглас» форматтарының ережелері бойынша қазақ тілінде өткізіледі. 2 күнге созылатын республикалық пікірсайыс турниріне Орал қаласының пікірсайысшыларынан бөлек Астана, Түркістан, Қостанай, Ақтау, Талдықорған, Жетісай, Атырау, Ақтөбе қалаларынан келген 32 команда қатысуда.

қатысушылар
Фото: БҚО әкімдігі

Пікірсайыс турнирінен бөлек пікірсайысқа қатысушылар арасында спорттық іс-шаралар өткізуде жоспарланып отыр. Турнир жеңімпаздары 3 желтоқсан күні анықталып, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталатын болады.

өнерпаздар
Фото: БҚО әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048781-bqo-da-tauelsizdik-kunine-arnalgan-respublikalyq-pikirsaiys-turniri-bastaldy/

pixel