Елімізде ауа райы нашарлауына байланысты бес тас жолда көлік қозғалысы шектелді
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстанның екі облысында жел мен қардың күшеюіне байланысты республикалық маңызы бар бірқатар жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Компания мәліметіне сүйенсек, қатты жел соғып, қалың қар жауып, ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның 2 облысында республикалық маңызы бар 5 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелген.
Ақмола облысында – екі учаске бойынша:
- "Көкшетау – Рузаевка 0-61 шақырым, Көкшетау қаласының учаскесі – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы (жүк және қоғамдық көліктер үшін);
- "Астана – Петропавл" 304-341 шақырымы, Көкшетау қаласының учаскесі – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы (көліктің барлық түрлері үшін).
Солтүстік Қазақстан облысында – үш учаске бойынша:
- "Көкшетау – Рузаевка" 61-91 шақырым, Ақмола облысы шекарасының учаскесі – Саумалкөл ауылы (жүк және қоғамдық көліктер үшін);
- "Астана – Петропавл" 417-473 шақырым, Рублевка ауылының учаскесі – Бескөл қаласы (көліктің барлық түрлері үшін);
- "Астана – Петропавл" 341-417 шақырым, Ақмола облысы шекарасының учаскесі – Рублевка ауылы (көліктің барлық түрлері үшін).
Сондай-ақ компания баспасөз қызметі қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 402 техника жұмылдырылып, 631 адам жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылдық ескерту жарияланған болатын. Елорда әкімдігі тұрғындар мен келуші қонақтарға үндеу жасаған.
Сонымен қатар 1 желтоқсаннан бастап көлік жүргізушілеріне жазғы дөңгелекпен жүруге тыйым салына бастайтынын жазған едік. Қазақстандықтар бұзушылық жасаған жағдайда 20 АЕК көлемінде айыппұл өтеуге мәжбүр болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048887-elimizde-aua-raiy-nasarlauyna-bailanysty-bes-tas-zolda-kolik-qozgalysy-sekteldi/