Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жүргізушілерге жазғы дөңгелекпен жүргені үшін айыппұл салына бастады

Опубликовано:

Көлік дөңгелегі
Көлік дөңгелегі. Көрнекі фото: pixabay.com

1 желтоқсаннан бастап көлік жүргізушілеріне жазғы дөңгелекпен жүруге тыйым салынады. Құқық бұзушыларға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Айыппұл мөлшерінің артуы не кемуі неге байланысты. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Негізі ауа райы нашарлауына байланысты қауіпсіздікті сақтау мақсатында көлігіңіздің дөңгелегін алдын ала ауыстырып отырған абзал.

Дегенмен дөңгелекті уақытылы ауыстырып отыру тек өміріңіздің қауіпсіздігін арттырмайды. 1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда жазғы дөңгелекпен жүруге тыйым салынады. Бұл талап Кеден одағының техникалық регламенті 8-қосымшасының 5.5-тармағында көрсетілген.

"Қыс мезгілінде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы дөңгелекпен жабдықталмаған M1 және N1 санатындағы көліктерді пайдалануға тыйым салынады. Бұл көліктердің барлығына қысқы шиналар орнатылуға тиіс", – деп жазылған техникалық регламентте.

Айта кетейік, Қазақстанда бұл талапты бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 5-тармағына сәйкес, қыста көліктің жазғы дөңгелегі қысқы шиналарға ауыстырылмаса, жүргізушіге 2024 жылы 17 250 теңге сомасында 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Естеріңізге салайық, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК 3 692 теңгеге дейін өсуіне байланысты айыппұл сомасы 18 460 теңге болуы мүмкін.

Құқық бұзушылық қайталанған жағдайда (алғашқы айыппұлды алған күннен бастап 12 ай ішінде) сома өседі және биыл 20 АЕК – 69 000 теңгені, 2024 жылы болса, 73 840 теңге болады.

Алайда жүргізушілер қысқы дөңгелекпен жүруге тек 2024 жылдың 1 наурызына дейін міндеттеледі. Аталған қаулы күшін жойғаннан кейін адамдарға жыл мезгіліне сай емес дөңгелекпен жүргені үшін айыппұл салынбайтын болады. Айта кетейік, жаз мезгілінде де мұндай талап бар, тек бұл жағдайда көлік жүргізушілеріне жазғы емес, қысқы дөңгелекпен жүргені үшін айыппұл салынады.

Сондай-ақ бұған дейін қай кезде, қандай жағдайда көлік жүргізушілеріне 20 АЕК-ке дейін айыппұл салынатыны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048625-qazaqstanda-zurgizusilerge-zazgy-dongelekpen-zurgeni-usin-aiyppul-salyna-bastady/

pixel