Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешқандай шешім шығармаған": Оралда бірқатар бопсалау дерегі бойынша күдікке ілінген азаматтар ұсталды

Опубликовано:

Кісен мен ақша
Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

БҚО-да полицейлер бірқатар бопсалау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлады Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" ресми арнасы.

Ведомство ақпараты бойынша, БҚО полиция департаменті экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 1992 жылы туылған Орал қаласының тұрғынынан күшпен 2 миллион теңге көлемінде ақша бопсалады деп күдіктелген 1984 жылғы қазақстандықты ұстады.

"Тексеру барысында күдікті бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны, алайда бұдан ешқандай шешім шығармағаны белгілі болды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ақша бопсалады деген күдікпен Батыс Қазақстан облысының 19 және 20 жастағы үш тұрғынын ұстады.

Олар күшпен Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының тұрғынынан 250 мың теңге көлемінде ақша бопсалаған.

Ұсталғандар Орал қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған екі дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Оларға үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048888-esqandai-sesim-sygarmagan-oralda-birqatar-bopsalausylar-ustaldy/

pixel