Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында мектеп оқушыларының жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Оқушылар арасындағы төбелес
Төбелес. Видеодан кадр: instagram.com/krispnews.kz

Әлеуметтік желіде Алматы облысында мектеп оқушыларының жаппай төбелесі түсірілген видео тарады. Полицейлер болған жайт туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеоны Instagram желісіндегі krispnews.kz парақшасы жариялады. Жиырмаға жуық жасөспірім төбелесіп жатқанын көруге болады. Төбелеске не себеп болғаны белгісіз.

Жазбаға қатысты жазылған пікірлер арасында Алматы облыстық полиция департаментінің жайтқа қатысты хабарламасы бар.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, оқиға 29 қарашада облыстың Іле ауданында болған. Тексеріс барысында 9-сынып оқушылары мен 10-сынып оқушылары арасында түсініспеушілік болып, соңы жаппай төбелеске ұласқаны анықталған.

"Бұл факт бойынша бұзақылық жасаған оқушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Төбелеске қатысқан кәмелетке толмағандардың бәрінің ата-аналарына қатысты ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік материалдар жиналды. (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау), сондай-ақ кәмелетке толмағандардың өздеріне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабы (Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) бойынша хаттама толтырылды), - делінген полиция хабарламасында.

Полиция мәліметінше, қазір барлық қажетті тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысы бар адамдармен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048922-almaty-oblysynda-mektep-oqusylarynyn-zappai-tobelesi-video-tusip-qaldy/

pixel