Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел жезөкшелер притонынан табылды (видео)

Опубликовано:

Притондарды тексеру кезінде түсірілген сурет
Притондарды тексеру кезінде түсірілген сурет. Фото: polisia.kz

ІІМ қызметкерлері Қазақстан бойынша рейд шараларының алғашқы күнінде-ақ жезөкшелікпен айналысуға үй-жай беру бойынша ондаған факт пен жеңгетайлық деректерін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, кінәлі тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 450-ші бабы (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, онда жүзден мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген 5 жеңгетайлық фактісі анықталды.

Сонымен қатар жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында бұрын жасалған Семей қаласының тұрғынынан ұрланған 3 млн теңге ақша ұрлығы ашылды, оның банктік картасын интимдік қызмет көрсеткен қыз ұрлап алып, ақшалай қаражатқа айналдырған.

Сонымен қатар ІІМ өкілдері Түркістан облысында 18 жыл бойы хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде іздеуде жүрген әйелді Атырау облысында тапты.

"Жауап алу барысында ол 16 жасында ата-анасымен болған жанжалға байланысты 2005 жылы үйден кетіп, әртүрлі қалаларда тұрғаны анықталды. Содан бері ол жақындарымен араласпаған. Алматы және Шымкент қалаларында түрлі мекемелерде тазалаушы болып жұмыс істеген. Ал бірнеше күн бұрын Құлсары қаласына келген", - деп жазылған басылымда.

Аталған дерек бойынша Түркістан облысының полиция департаментіне дереу хабар беріп, азамат туыстарымен байланысқа шықты.Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азамат қазіргі таңда полиция бақылауында. Оны туыстарына жіберу үшін тиісті шаралар қабылданып, құқықтық кеңес берілгені айтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048930-18-zyl-buryn-zogalyp-ketken-aiel-zezokseler-pritonynan-tabyldy/

pixel