Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегім қарайып кетті": 10 адамды атқан Руслан Күлекбаев алғаш рет сұхбат берді

Опубликовано:

Руслан Күлекбаев
Руслан Күлекбаев. Видеодан кадр: youtube.com/@KTKTVchannel

Осыдан жеті жыл бұрын Алматы көшелерінде он адамды атып өлтірген Руслан Күлекбаев алғаш сұхбат берді. Сұхбат КТК телеарнасындағы "Адастырған ақиқат" атты экслюзив деректі фильміне енген.

Бүгінгі таңда Руслан Күлекбаев ауыр қылмысының жазасын Қостанай облысындағы "Қара бүркіт" қатаң режимдегі түрмесінде өтеп жатыр. Сол кезде ол өлім жазасына кесілген еді. Бірақ бұл жазаға мараторий жарияланғандықтан қазір өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

"Сол сотта менің қандай сөздер айтқанымды көбі біледі. Ату жазасы емес, одан да қатты жаза қолданса да мен үшін түкке тұрмас дедім. Ешнәрседен қорықпадым. Сол кезде есіме алсам, өзімнің қандай қатігез болғанымды ойлаймын. Күнә жасаған сәтте менің жүрегім қатайып, қап-қара болып кетті", - деді Күлекбаев сұхбатында.

Анасы, әйелі мен екі баласын көруге де түбегейлі бас тартып келген. Оған анасы мен балаларын көруге рұқсат етілген.

"Күлекбаев мекемеге келген кезде мінезі тұйық болды. Радикалды мінезі оңалмаған күйде болды. Басқа адамдармен байланыспай өзі оқшау отырады. Тек мекеменің қызметкерлерімен ғана. Кейде психологтермен және теологтермен сөйлеседі", – дейді колония басшысы Дархан Нұрекешев.

Журналистермен сұхбатында Күлекбаевтың өзі күнә жасағанын мойындап, көз жасына ерік берді.

"Мен адастым. Мен дұрыс ілім алмадым. Негізін алмай жоғарыға кетіп қалдым. Үйдің де іргетасын құймай, шатырын көтерген сияқты болдым", - деді Күлекбаев.

Дереккөз: КТК

Еске салайық, осыдан 7 жыл бұрын Руслан Күлекбаев Алматы көшелерінде 10 адамды атып кеткен. Көбінесе олар полиция қызметкерлері болды. Ол мүлкін тәркілеумен өлім жазасына кесілді. Кейін өлім жазасына мораторий жарияланғанына байланысты Күлекбаев өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048976-zuregim-qaraiyp-ketti-10-adamdy-atqan-ruslan-kulekbaev-algas-ret-suxbat-berdi/

pixel