Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде ҚҚС үшін өтемақы енгізілгені туралы ақпарат тарады: министрлік жауабы

Опубликовано:

Ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мессенджер мен әлеуметтік желіде қосылған құнға салық (ҚҚС) үшін өтемақы енгізілгені туралы ақпарат тараған. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, ҚҚС үшін өтемақы төлемі енгізілгені жайлы мессенджерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Олардың сөзіне сенсек, тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз азаматтар сілтемеге өтуді ұсынады.

"Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз", - деп атап өтті министрлік баспасөз қызметі өкілдері.

Сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таралатынын айтты.

Министрлік өкілдері азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұрайды. Оған қоса жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049005-zelide-qqs-usin-otemaqy-engizilgeni-turaly-aqparat-tarady-ministrlik-zauaby/

pixel