Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысының Көксу ауданына жаңа әкім тағайындалды

Опубликовано:

Дәулет Халелов
Дәулет Халелов. Фото: Instagram/jetisu_akimdigi

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Дәулет Халелов Көксу ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігінің ресми Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Дәулет Кенжеханұлы 1975 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ Мемлекеттік аграрлық университетін бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Көксу ауданындағы "Қабылиса" өндірістік кооперативінің бухгалтері болып бастап, кейін "Көксу-Шекер" ААҚ-ның бухгалтері қызметін атқарды.

Әр жылдарда Көксу ауданы әкімінің көмекшісі, Көксу ауданы Лабасы ауылдық округінің әкімі, Көксу ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.

2014 жылдың наурызынан бастап Көксу ауданы әкімінің орынбасары болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049097-zetisu-oblysynyn-koksu-audanyna-zana-akim-tagaiyndaldy/

pixel