Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада дүкенге шыққан әскери қызметші көлік жүргізушісін ажалдан арашалап қалды (видео)

Опубликовано:

Мейрамбек Ысқақов
Мейрамбек Ысқақов. Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Астанада әскери қызметші жанып жатқан көліктен ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі ресми сайтында.

Ведомство мәліметінше, оқиға 3 желтоқсанда, кешкі уақытта Т. Жүргенов көшесінде болған. Дүкенге шыққан аға сержант Мейрамбек Ысқақов жанып жатқан автокөлікті көріп, оқиға туралы шұғыл түрде елордадағы Төтенше жағдайлар департаментінің 101 орталығына хабарлаған.

"Дереу қимылдаған әскери қызметші жанып жатқан көліктің ішінде адам бар екенін аңғарып, оны қауіпсіз жерге алып шыққан.

Бұл уақытта ер адам есінен танып қалған. Алғашқы медициналық көмек көрсеткен Мейрамбек азаматты оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Жүргізуші №1 қалалық ауруханаға жеткізілген", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар әскери қызметшіге өтіп бара жатқан азаматтардың бірі көмектескен.

Қорғаныс министрлігінің ақпаратынша, Мейрамбек Ысқақов взвод сержанты – 68665 әскери бөлімінің жауынгерлік және дене шынықтыру нұсқаушысы. Жұбайы екеуі Самира және Лунара есімді екі қыз тәрбиелеп отыр.

Жоғары қолбасшылық әскери қызметшіні марапатқа ұсынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049124-astanada-askeri-qyzmetker-zurgizusini-ortenip-zatqan-kolikten-sygaryp-aldy-video/

pixel