Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылдық 3 мыңға жуық отбасы тұрғын үймен қамтылады - Ербол Қарашөкеев

Опубликовано:

Ербол Қарашөкеев
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Астана қаласындағы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында өңірдегі тұрғын үй саласын дамыту, халықты ауызсумен және газбен қамтамасыз ету жұмыстарының нәтижелері мен алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

Осы жылдың соңына дейін 2732 отбасын баспанамен қамту жоспарланған. Оның ішінде бөлінген 7,6 млрд теңгеге халықтың әлеуметтік осал санатына 797 пәтер сатып алынады. Жыл басынан бері көппәтерлі 21 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 1053 отбасының баспана мәселесін шешуге мүмкіндік берді.

Жаңа тұрғын үй алқаптарындағы 869 учаскеге инженерлік инфрақұрылым тартылуда.

Брифинг
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтуды ұлғайту мақсатында су құбыры желілерін жүргізу және жаңарту бойынша 54 жоба жүзеге асуда, оның 47-сі осы жылдың соңына дейін аяқталады.

Брифинг
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде ауыз сумен қамтылған халықтың үлесі ауылда 94,8 пайыздан 96,5 пайызға дейін және қалаларда 93,6 пайыздан 97,5 пайызға дейін жетеді деп көзделген.

Су шүмегіндегі әйел
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгінде 11,8 млрд теңгеге 36 елді мекенде 16 жобаны іске асуда десек, осы жылдың соңына дейін 9 мың адам тұратын 11 елді мекен көгілдір отынға қосылады деп жоспарланып отыр.

Жаңа тұрғын үй
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, өңірдегі жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. 2023 жылға жалпы 809,5 шақырымға созылып жатқан жолдарды жөндеу жоспарланса, бүгінде оның 787 км (97,2 пайыз) шақырымында жұмыстар аяқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049224-zambyldyq-3-mynga-zuyq-otbasy-turgyn-uimen-qamtylady-erbol-qarasokeev/

pixel