Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана су арнасы" басшысы өзінің және қызметкерлерінің жалақысын айтты

Опубликовано:

Табиғат Зейнулқабден
Табиғат Зейнулқабден. Фото: astanasu.kz

"Астана су арнасы" бас директоры бүгін су тарифтерінің өзгеруіне қатысты жиында компания қызметкерлері қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Астана су арнасы" МКК бас директоры Табиғат Зейнұлқабденнің айтуынша, кәсіпорындағы орташа жалақы мөлшері шамамен 300 мың теңге, ал өзінің жалақысы 700 мың теңгеден асатынын атап өтті.

"Тазалаушылардың ең төменгі жалақысы – 180 мың теңге. Машинистер 200 мың теңге алады. Олар екі күнара жұмыс істейді. Темір ұсталар шамамен 220-230 мың теңге алады, кейде белгіленген уақыттан тыс артық жұмыс істеп қойса, одан да көп алады.

Бүгінде менің жалақым – 725 мың теңге. Инженерлік-техникалық қызметкерлер 400 мың теңгеден астам алады. Ал өндірістік әрі әкімшілік қызметкерлердің орташа жалақысы – 308 мың теңге", – деді спикер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049237-astana-su-arnasy-bassysy-ozinin-zane-qyzmetkerlerinin-zalaqysyn-aitty/

pixel