Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағына қатысты тергеу: Неліктен ІІМ басқа елдерге ондаған сұрау салған

Жарияланған күні:

Читать на русском
самолет бек эйр
Оқиға орнынан сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ішкі істер министрлігі 2019 жылдың соңында Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына қатысты тергеу барысы туралы айтты. Сол кезде тергеу органдары басқа елдерге ондаған сұраныс жіберген болатын, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты қылмыстық тергеп-тексеру аясында тергеу органдары шет елдерге, әсіресе Еуропа елдеріне, оның ішінде Нидерландияға 33 халықаралық сұраныс жолдағаны анықталған. Жіберілген сұраныстың басым бөлігіне жауап келген.

Ішкі істер министрлігі мәліметіне сүйенсек, бұл сауалдар тергеп-тексеру толықтығын қамтамасыз ету үшін жіберілді, өйткені апатқа ұшыраған Fokker-100 ұшағы 2018 жылдың қазанынан 2019 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта бірқатар елде пайдаланылғаны анықталған.

Тергеу органдары өздерінің жіберген сауалында әуе кемесін пайдалану кезінде қандай да бір ақау не бұзылу, авиациялық апаттар және т.б. жайттар болды ма деп сұраған.

"Қылмыстық іс бойынша тергеу аталған дерекке сәйкес жүргізілген сот-медициналық сараптамалардың көптігіне (154) байланысты, Халықаралық авиациялық комитеті апатқа ұшыраған ұшақтардың зерттеуі ұзақ болғандықтан әрі мемлекеттерден жауап күткендіктен, ұзаққа созылып кеткен. Бүгінгі таңда барлық сараптама мен жауап алынды", – делінген ІІМ хабарламасында.

Министрлік хабары бойынша, жақын арада іс бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады деп жоспарлануда.

Еске салайық, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Астанаға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, кейін бетон дуалға соғылып, Алматы маңындағы жеке үйді қиратқан болатын.

Ұшақ апатынан 12 адам қайтыс болып, 69 адам жарақат алды.

2020 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы бойынша департаменті қылмыстық істі тергеумен қатар Талғар ауданы әкімдігінің шенеуніктеріне қатысты жер учаскелерін заңсыз беруге және жер учаскелерінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгертуге байланысты екінші қылмыстық іс ашты.

Биыл сәуір айында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұшақ апатына қатысты тергеу аяқталғанын, апатқа нақты не себеп болғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049251-apatqa-usyragan-bek-air-usagyna-qatysty-tergeu-nelikten-iim-basqa-elderge-ondagan-surau-salgan/