Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да 14 мектеп директоры информатика кабинетіндегі заң бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапқа тартылды

Опубликовано:

оқушы
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Батыс Қазақстан облысында 14 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жергілікті прокуратура мәліметі бойынша ол мектептерде тыйым салынған интернет-контентке еркін қол жеткізу дерегі анықталған, деп хабарлады БҚО прокуратурасы ресми сайты.

БҚО Теректі ауданы прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде кәмелетке толмаған оқушылардың білім беру мекемесінің қабырғасында (14 мектептегі информатика кабинетінде) тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізу дерегі анықталды.

"Мониторинг барысында кәмелетке толмағандар әр түрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кіруге мүмкіндігі болғаны белгілі болды.

Осылайша жол берілген бұзушылықтар үшін Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Оның нәтижесіне сәйкес 14 мектеп директоры Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген ресми хабарламада.

Бүгінде прокурорлық қадағалау актісімен ауданның барлық білім беру мекемесінде мұндай интернет-сайттарға кіруге шектеу қойылғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049265-bqo-da-14-mektep-direktory-informatika-kabinetindegi-zan-buzusylyqtar-usin-akimsilik-zauapqa-tartyldy/

pixel