Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізілуде

Опубликовано:

қол қою
Құжатқа қол қойып отырған адам. Фото: pixabay.com

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті азаматтар мен бизнес өкілдерінің құқықтарын қорғау бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп келеді.

Мәселен, биыл келіп түскен шағымдарды қарау қорытындысы бойынша 6 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілген. Бұған қоса саладағы заңбұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде.

Біріншіден, мониторинг пен бақылауды жақсарту. Уәкілетті орган мен ішкі бақылау қызметтерінің тұрақты мониторингі мен бақылауы құқықбұзушылықтарды анықтауға және алдын алуға көмектеседі. Бақылау жұмысы қызметтердің сапасын тексеруді, азаматтардың шағымдары мен өтініштерін талдауды, сондай-ақ қоғамдық бақылауды жүргізуді қамтиды. Департамент жүйелі негізде жергілікті атқарушы органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдары бар облыстық басқармалардың ішкі бақылау қызметтерімен бірлесіп немесе дербес түрде тексеріс жүргізеді.

Департамент "ХҚКО Мониторинг" және "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйелері арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қашықтан мониторинг те жасайды. Қашықтан мониторинг әдісі жұмыс ресурстарын тиімді пайдалануға және бақылау объектілерін тексеру іс-шараларын жүргізуге алаңдамауға мүмкіндік береді. Қашықтан мониторинг жүргізу кезінде барлық қажетті материалдар жүйеден дербес жүктеледі, объектілерге бару және құжаттарды сұрау қажеттілігі болмайды. Бақылаудың жаңа тәсілі тексеру процесін оңтайландыруға және бақылаушы мемлекеттік органдар үшін тиімділігін арттыра түседі. Мәселен, мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингін жүргізу барысында департамент Сырым ауданында жер учаскелеріне құқық беру кезінде қызмет көрсету тәртібін бұзу фактілері анықталды. Атап айтқанда, көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін жер комиссиясының қарауына уақтылы жолдамау нәтижесінде өрескел кемшіліктер болған. Қашықтан мониторинг қорытындысы бойынша департамент анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар енгізді. Нәтижесінде жеті қызмет алушының құқығы қайта қалпына келтіріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Екіншіден, қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру. Мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсетудің негізгі факторларының бірі қызмет беруші қызметкерлерінің кәсіби біліктілігінің төмендігінде болып тұр. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын дамыту қызметкерлерден тиімді жұмыс істеудің жаңа дағдыларын үйренуді талап етеді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы қызметкерлер үшін арнайы "Ең алдымен адамдар" курсын әзірледі. Оқыту бағдарламасы сервисология, әлеуметтанудағы ғылыми білімдерді және стресске төзімділік, клиентке бағдарлану, заманауи ақпараттық жүйелерді пайдалану дағдыларын қамтиды. Облыста жыл сайын "Ең алдымен адамдар" бағдарламасы бойынша оқыту жүргізіледі. Бағдарлама бойынша 2022 жылы 225 қызметкер, ал биыл 167 қызметкер оқытылды.

Ал үшіншіден, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Барлық қызмет көрсетуші мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында және бұқаралық ақпарат құралдарында қажетті мәліметтерді жариялау жолымен халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар облыстың қызмет көрсетушілері қоғамдық қабылдау және жәрмеңкелер өткізеді. Ағымдағы жылы облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің бастамасымен жергілікті мемлекеттік органдар аудандарда және Орал қаласында 29 онлайн жәрмеңке, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ филиалының халыққа қызмет көрсету орталықтары ғимараттарында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мәселелері тақырыбында 38 қоғамдық қабылдау өткізді. Осы шаралар нәтижесінде 800-ден астам адамға кеңес берілген.

Халықты хабардар ету жұмысын одан әрі күшейту мақсатында департаментпен теледидарда «Елге қызмет» айдары ұйымдастырылды. Бұл іс-шарада сала басшылары көгілдір экран арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіреді және қолданыстағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер туралы хабарлайды. Өңірде сала өкілдерінің қатысуымен дәл осындай 48 телебағдарлама өткізілді. Жоғарыда аталған жобалар салада көрсетілетін қызмет түрлерір алушылардың ақпараттандырылу деңгейін арттыруға және мемлекеттік қызметтер көрсету үрдісіндегі құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталып отыр. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. "Өйткені қызмет сапасын жетілдіре беру - уақыт талабы" дейді тәжірибелі мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049287-bqo-da-memlekettik-qyzmet-korsetu-salasyndagy-buzusylyqtardyn-aldyn-alu-boiynsa-zumys-zurgizilude/

pixel