Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларыма не айтамын": марқұм әйелдің туыстары Атыраудағы дәрігерлерге шыққан үкімге наразы

Опубликовано:

Марқұм әйелдің жолдасы
Марқұм әйелдің жолдасы. Видеодан кадр: ktk.kz

Жақында Атырауда босанған әйелдің өліміне себепкер болды деп айыпталған медицина қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты. Алты айыпталушының ішінде тек біреуі бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Бұған марқұмның туыстары наразы, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қайғылы жайт былтыр қаңтарда Атырауда болған. Телеарна ақпараты бойынша, әйел Атырау облыстық № 2 ауруханасының модуль бөлімшесінде аман-есен босанған. Бірақ келесі күні қан кету салдарынан ота үстінде қайтыс болған.

37 жастағы марқұмның артында төрт баласы қалған. Марқұмның жолдасы мен туыстары бұл жағдайға медицина қызметкерлерін айыптаған. Олардың сөзінше, ақ халаттылар әйелді босандыру кезінде денесін қатты жаншып, екі қабырғасын сындырып алған. Ал босанғаннан қараусыз қалдырған. Оған қоса медициналық мекеме отадан кейін әйелге құятын қан таппаған.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, Атырауда босанған әйелдің өліміне кінәлі деп танылған алты медициналық қызметкерге қатысты сот үкімі шықты. Күдіктілердің үшеуі ақталып, біреуі 2,5 жылға сотталған. Ал қалған екі медициналық қызметкерге үш жылға дейін өз мамандығы бойынша жұмыс істеуге тыйым салынды.

Енді сотталушының әрқайсы жәбірленуші тарапқа 5 миллион теңгеден төлеуге тиіс. Дегенмен марқұмның туыстары сот үкіміне көңілі толмайтынын айтып, күдіктілерді қатаң түрде жазалауды талап етуде.

"Мен балаларыма не айтамын?! Төрт балам бар. "Мамам қашан келеді?" деп күнде сұрайды. Мектепке алып кетуге барамын. Басқа балаларды мамасы алып кетіп жатқанда сұрайды. Маған қиын. Қашанғы алдаймын", – деді марқұм әйелдің жолдасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049328-balalaryma-ne-aitamyn-marqum-aieldin-tuystary-atyraudagy-darigerlerge-syqqan-ukimge-narazy/

pixel