Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 200-ге жуық мектеп бухгалтері жаппай қысқара ма

Опубликовано:

Бухгалтер
Бухгалтер. Көрнекі фото: pexels.com

Ақтөбеде 200-ге жуық мектеп бухгалтері қысқаруға ұшырауы мүмкін – қалада бірыңғай есеп бөлімін іске қосу жоспарлануда, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Ақтөбеде жаңа есеп бөлімінің енгізілуіне байланысты 200-ге жуық адам жұмыстан шығарылуы мүмкін. Мұндай ноу-хауды бұған дейін де енгізу жоспарланған еді, алайда кейін бұл тиімсіз болғандықтан, одан бас тартылғаны хабарланды.

Әзірге неліктен қалада есеп жұмысын қайтадан цифрландыру туралы шешім қабылданғаны әрі жүздеген мамандардың жағдайы не болары белгісіз.

"Мысалы, орташа кәсіптік білімі бар бухгалтер айына 86 мың теңге қолма-қол алады, бір жарым мөлшерлемеге көбірек алса, бәлкім 120 мыңға жетер, егер олар орталықтандырылса, бұл жалақы мөлшері төмендейді, не істеген жөн деп ойлайсыз? Ол жерге 200-ден астам адамды орналастыру мүмкін емес", – дейді бухгалтер Әйгерім Ділжанова.

Сөйтсек, мұндай бағдарламаны енгізу 12 жыл бұрын жоспарланған екен.

"Бұл тәжірибе 2011 жылы да болған. Дәлірек айтсақ, бұл бағдарлама шамамен 4-5 ай жұмыс істеген, бірақ ол тиімсіз болғандықтан жабылып қалған. Сол орталықтандыруға байланысты ұйым қызметкерлеріне тиянақты бақылау жүргізілмейді", – деді заңгер Динара Молдағалиева.

Білім басқармасы есепшілердің қызметінен ешкім бас тартып жатқан жоғын айтты – мамандарға қатысты тек жұмыс жағдайы өзгереді.

Білім басқармасы өкілдерінің сөзіне сенсек, мектептердегі қаржылық заңбұзушылықтармен күресу мақсатында облыста бухгалтерлік есепті орталықтандыру бағдарламасын енгізу көзделген.

"Ешбір бухгалтер жұмыссыз қалмайды, олар бұрынғыша штатта жұмыс істейді, жалақы мөлшерлемесі өзгеріссіз қалады, тек жұмыс талаптары өзгереді", – деді қалалық білім бөлімінің басшысы Меткүл Қосымбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049332-aqtobede-200-ge-zuyq-mektep-buxgalterleri-zappai-qysqara-ma/

pixel