Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Даму" қорынан несие алуға уәде берген: елордада алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды

Опубликовано:

Ақша мен кісен
Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада тұрғындарға жеке кәсіпті дамыту мақсатында "Даму" қорынан төмен пайыздық мөлшерлемемен несие беруге уәде беріп, қаражатын иемденді деген күдікті ұсталды. Бұл туралы Астана қаласы полиция департаменті Instagram парақшасында хабарлады.

Ведомство ақпараты бойынша, 43 жастағы қарағандылық "керек" адамдардың көмегімен астаналық кәсіпкерлерге "Даму" қоры бағдарламасы бойынша төмен пайызбен несие алып беруге уәде еткен.

Ол "клиенттерін" таныстарының арасынан тапқан. Жәбірленушілер бизнесті дамыту мақсатында бірнеше миллион алуға үміттеніп, алаяққа қызметі үшін ақы төлеген.

Осылайша астаналық әйел полицияға шағымданып, күдіктіге 130 мың теңге бергенін хабарлаған. Басқа жағдайда алаяқ 100 мың теңгені иемденіп, осы сынды тағы бір адамды алдағаны анықталған.

Қазіргі уақытта Сарыарқа ауданының полиция басқармасына төрт азамат өтініш білдірген, бірақ зардап шеккендер саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Алаяқтық жасады деп күдікке ілінген адам өз әрекетін мойындады. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оның елорда аумағында өзге де осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқаны айтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049378-damu-qorynan-nesie-aluga-uade-bergen-elordada-alayaqtyq-zasady-degen-kudikti-ustaldy/

pixel