Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еріктілер еңбегі еленді

Опубликовано:

Халықаралық еріктілер күні
Фото: Жастар ресурстық орталығы

5 желтоқсан – Халықаралық еріктілер күні. Бұл күн - волонтерлердің қоғамдағы маңызды рөлін, мұқтаж жандарға көмектесудегі жанқиярлық үлесін, түрлі қайырымдылық, әлеуметтік бастамаларды тану және қолдау мақсатында ұйымдастырылған.

"Әлем өсіп келе жатқан қиындықтарға кезіккенде, еріктілер жиі көмекке бірінші болып жетеді. Еріктілер дағдарыстар мен төтенше жағдайлармен күресудің алдыңғы қатарында, көбінесе өте күрделі және қиын жағдайларда бірінші үлес қосады", - делінген БҰҰ сайтында.

Осындай ірі ұйымның өзі әлемдегі еріктілердің орасан зор еңбегі мен қоғамдағы орнын жоғары бағалайды. Біздің елде де өз ісіне жауапкершілікпен қарап, халықтың мұң-мұқтажына жәрдемдесіп отыратын еріктілер ұйымы мен ондағы еріктілер саны да өте көп. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысының өзінде 50-ден астам волонтерлік ұйым бар. Ел басына түскен әр жағдайда бейқам қалмай қолынан келген барлық көмекті көрсетіп келе жатыр.

Халықаралық еріктілер күні
Фото: Жастар ресурстық орталығы

Осындай ұйымдардың қатарына Орал қаласының ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жанынан құрылған "Орал жастары" волонтерлік қозғалысы жатады. Құрамында 300-ге жуық белсенді жастар волонтерлік қызмет атқарып, қаладағы түрлі іс-шараларда белсенділік танытып жүр. Қоғамда болып жатқан барлық мәселелердің шешілуіне белсене атсалысып, табиғи апаттар кезінде гуманитарлық көмек жіберіп отырады. Сонымен қатар өзекті тақырыптарды қозғап, ел арасында оң көзқарастың қалыптасуына септігін тигізуде. Қарттарын құрметтей білетін еріктілер қаламыздағы қарияларымызға әрдайым көмек көрсетуді де ұмытпайды.

Халықаралық еріктілер күні
Фото: Жастар ресурстық орталығы

Осы еңбектері үшін Еріктілер күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы және Орал қаласының әкімі Миржан Мұнайдарұлы, облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арман Молдиярұлының алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, облыстық және қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшылары Аңсар Ихсанұлы мен Дулат Нұрбергенұлы, Аmanat партиясы жанындағы "Жастар Рухы" ЖҚ БҚОФ төрағасы Архат Жұбайұлы еріктілерге және олардың ата-аналарына алғыс хаттарын табыстады.

Сертификаттарды ұсыну
Фото: Жастар ресурстық орталығы

Ел мен халықтың жанашырлары, белсенді жастардың төл мерекелерінде елеусіз қалмауы – олардың қоғамдағы рөлін айқындайды. Еңбегі еленген еріктілер өз істеріне одан әрі жауапкершілікпен қарап, биік белестерді бағындыратынына сенеміз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049404-eriktiler-enbegi-elendi/

pixel